Жыл басынан бастап 8,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған

14 Шілде 2021, 11:24
Сурет: lada.kz

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, 8 867 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,5%) Өзбекстаннан, 10,4%-і ҚХР-дан, 7%-і Түркіменстаннан, 2,5%-і Моңғолиядан және 4,5%-і басқа елдерден келгендер болып табылады. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды

Биылғы жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,5%-ті, еңбекке қабілетті жастан кішілер 25,3%-ті және зейнеткерлер 19,2%-ті құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-інің жоғары, 39,3%-інің орта кәсіби, 45,9%-інің жалпы орта білімі бар және 3,9%-інің білімі жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?