Күн күркіреп, жаңбыр жауады. 15-17 шілдеге арналған ауа-райы болжамы

14 Шілде 2021, 11:31
Сурет: pixabay.com

Синоптиктер 15-17 шілдеге арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Елімізде тұрақсыз ауа-райы сақталады деп болжанады.

"Оңтүстік облыстарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты бұрынғыша сақталатын болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл байқалады", деп хабарлайды "Қазгиромет" РМК.

Батыста ауа температурасы түнде +15+23℃, күндіз +25+38℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6+20℃, күндіз термометрлер +10+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +15+30℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +27+38°С болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?