15 шілдеде бірқатар декларацияны ұсыну мерзімі аяқталады

14 Шілде 2021, 12:12
Сурет: Aкчабар

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігі бойынша 250.00, 400.00 және 421.00 нысанын өткізу мерзімі 15 шілдеде аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда:

- Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жөніндегі 250.00 нысаны - егер қағаз түрінде ұсынылса;

- Акциздер туралы декларация жөніндегі 400.00 нысаны және салық салымымен байланысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін есептің 421.00 нысаны, 2021 жылдың мамыр айы үшін.

Сондай-ақ, осы датада 2021 жылдың 2-тоқсанына арналған түбірімен босатылатын ағаш үшін төлемді төлеу мерзімі аяқталады.

2021 жылғы салықтар мен төлемдерді төлеу және салық декларацияларын ұсыну мерзімдері туралы мәліметтермен сіз салықтық күнтізбеден таныса аласыз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?