Блогер маңғыстаулықтардың картоннан қалай жем әзірлеп жүргенін көрсетті

14 Шілде 2021, 14:43
Сурет: facebook.com

Ақтаулық Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысында шаруалар малға картон беріп жүргенін растап, желіде бірнеше сурет жариялады. Суреттерде картоннан мал азығын әзірлеу процесі сипатталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, үнем мақсатында кебек бен қалдық тамақты картонға қосып, араластырады екен.

"Маңғыстау облысы, Ақшымырау ауылы, Ақтау қаласынан 350 шақырым жер. Жергілікті фермердің әйелі ұсақ малға жемді картоннан дайындайды (жемге үнем мақсатында шағын шаруа қожалығындағылар осылай картонды суға батырады, тұндырылғаннан кейін еріген картонды кебекпен және тамақ қалдықтарымен араластырады)", деп жазады ол Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, қуаңшылыққа байланысты бұл өңірде жыл басынан бері 2000-ға жуық жылқы, түйе, қой арам қатқан.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?