Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда панфиловшы батырларды еске алуға арналған іс-шара өтті

Алматы гарнизонының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2021 23:08 Алматы гарнизонының баспасөз қызметі
2021 жылғы 22 маусымда адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың басталғанына 80 жыл толды.

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының жауынгерлерін еске алуға арналған іс-шара болып өтті.

- 316-шы атқыштар дивизиясы 1941 жылғы шілде-тамызда Қазақ және Қырғыз КСР-ның әскерге шақырылушылары мен еріктілерінен құрылды. Оны генерал-майор Иван Васильевич Панфилов басқарды. Ол сарбаздар арасында сыйлы, үлкен құрметке ие қолбасшы болды. Оны "біздің ақсақал", "әкеміз" десе, өздерін "панфиловшылар" деп атады, – дейді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Күшікбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2021 23:08

2021 жылғы 22 маусымда адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың басталғанына 80 жыл толды. Соғыстың басталуы кеңес әскерлері үшін үлкен шығынға әкелген өте қиын кезең болды. Оккупациядан босатылған аумақта жаңа әскери бөлімдер мен құрамаларды құру қажет болды. Сонымен қатар, олар Қазақстанда да құрылды. Биыл елімізде құрылған жиырма әскери бөлімшеге 80 жыл толады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2021 23:08

- Даңқты дивизияның құрылғанына сексен жыл толуын атап өтумен біз Ұлы Отан соғысы кезеңінде Қазақстанда құрылған барлық әскери құрамалар мен бөлімдерге құрмет көрсетеміз, – деді Иван Васильевич Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2021 23:08

Әскери қызметшілер 316-шы атқыштар дивизиясының тұңғыш командирі, Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, панфиловшы батырлардың аллеясы бойымен салтанатты шерумен жүріп өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2021 23:08

Салтанатты шарада Қарулы Күштердің ардагерлері, Құрлық әскерлері Әскери институтының және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, сондай-ақ Шекара қызметі Әскери академиясында білім алушылар мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: