Ақтөбе облысында жол апатынан ер адам мен қасындағы немересі опат болды

14 Шілде 2021, 17:18
Сурет: pixabay.com

Көлікке екі немересін салып алған ер адам жол апатына ұшырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, жол апаты 13 шілдеде болған.

"ВАЗ-2114" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі, Темір ауданының тұрғыны тізгіндеген автокөлік Ақтөбеден Темір ауданының Кеңқияқ ауылына бағыт алып, "Покровка-Жаңажол" облыстық автомобиль жолының 30 шақырымында (Кеңқияқ ауылының маңында) келе жатқанда аударылады. Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, ал 18 жастағы немересі Кеңқияқ ауылының ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?