Наразылық акциясынан соң метро жұмысшыларының айлығы өсірілетін болды

15 Шілде 2021, 10:06
Сурет: primeminister.kz

Алматыда айлықты көтеруді талап етіп бас көтерген жұмысшыларға метро басшылығы айлықты 60 пайызға өсіруді уәде етті. Қазір құрылысқа қажет материалдың да қымбаттап кеткенін алға тартқан олар, еңбекақыны екі есеге көтеру мүмкін емес деп отыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Ал келіспегендеріне келісімшартпен жұмыстан шыға беріңдер деп кесіп айтты.

Қайрат Реимов, "Алматыметроқұрылыс" АҚ акционері:

- Біз бюджеттен шығып кетпеуіміз керек. Бізге осынша ақша берілді, 2015 жылы келісімшарт. Содан кейін БІР тиынға да бағамыз көтерілген жоқ. Соның ішінде жүріп біз жұмысшылардың да көңілін табуымыз керек. Тағы анау шетелден материал әкелетіндер доллармен, еуромен әкеледі. Оны да уақытында төлеп отыруымыз керек. Алты айлық жұмыс қалды. Соны төрт айға қысқартып, төрт айдың ішінде жұмыстарын бітіріп береміз деп жатыр. Сол соманы алсақ, 60 пайыз шығады екен.

Осыдан екі күн бұрын 70-ке жуық Алматы метрополитенін салып жатқан құрылысшылар наразылыққа шыққан. Қалауы – мардымды жалақыға қол жеткізу. Өйткені 2015 жылдан бері алып келе жатқан әрқайсысының қолына тиетіні 52 мың теңге ғана деп түбіртектерін көрсеткен. Осылайша қанша күннен бері маңдай терлерінің ақысын даулағандар бүгін тағы жұмысты тоқтатып, қалалық әкімдік алдына жиналған. Алайда жарты жылдық жұмыс көлемі ғана қалғанын айтқан басшылары айлықты 60 пайызға көтеруге шешім қабылдапты.

Ал еңбек инспекциясы құрылысшылар тарапынан түскен арыз бойынша, тексерісті бастаған. Жауабы он күннен соң белгілі болады.

Айлығы шайлығына жетпейтін жұмысшылар қойылған талапқа қанағаттанбады. Тіпті кейбірі жұмыстан кетуге бекініп отыр.

Дауытбай Алмат, "Алматыметроқұрылыс" АҚ жер асты жұмысшысы:

- Айлықты 60 пайызға көтеруіне келіспейміз. Мен келіспеймін. Ұжым да келіспейміз деп отыр. Ары қарай өз басым жұмыстан шығамын. Отбасын асырауға жетпек түгілі, азыққа зорға жетеді. Әрқайсысының өз мойнында несие бар. Пәтерақы да бар. Етең балалар сабаққа барады, таяп қалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?