Қызылорда облысында төтенше жағдай жарияланды

15 Шілде 2021, 10:22
Сурет: kaztag

Қызылорда облысы Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Биыл өңірде жауын жаумай, өзен-көлдерде су азайып, жайылымға шөп шықпай 600-ге жуық ірі қара арам өлген болатын. Мамандардың есебі бойынша 205 мың тонна мал азығы керек. Ол жақын облыстардан және аудандардан жеткізіледі. Жергілікті билік жанар-жағармай шығынын көтереді. Сонымен қатар, ұңғымалар қайта қалпына келтіріліп, су арналары тазартылады. Бұл мақсатқа мемлекеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді", делінген Астана телеарнасы сюжетінде.

Серік СЕРМАҒАНБЕТОВ, АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Аудан бойынша қажетті шөптің көлемі 4 түлік басқа 84640 тоннасы қазір жеткізіліп, аудан өз мүмкіншіліктері қарастырылып, қазір 3645 тоннасын қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар. Алдағы уақытта 146 мың тонна шөпті сырттан тасымалдау қажет. Қажетті қаржының барлығы 1 млрд 936 млн-ды құрап тұр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?