Қазақстан халқы саны тағы 249 мың адаммен толықты

15 Шілде 2021, 11:45
Сурет: 24kz

2021 жылғы 1 маусымға еліміздегі халық саны 18984,8 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11237,0 мың (59,2%), ауылдықтар –7747,8 мың адам (40,8%). 2020 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 249,0 мың адамға немесе 1,3% өсті. Ұлттық статистика бюросы осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда (106,8 мың адам) 4,4% өсіп, 111,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,18 адамды құрады, делінген хабарламада.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-мамырда туылғандар саны 175,2 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға (156,8 мың адам) қарағанда 11,7% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,28 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 63,7 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға (50,0 мың адам) қарағанда 27,3% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,10 қайтыс болғандарды құрады.

Нәресте өлім-жітімі өсті.

2021 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1423 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1221 шетінеген нәресте) 16,5% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,12 оқиғаны құрады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?