Жарты жыл ішінде Қазақстаннан 10 мыңға жуық адам кеткен

15 Шілде 2021, 11:50
Сурет: 2*2.su

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 3662 адамды, елімізден кеткендердің саны 9862 адамды құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Көші-қонның сальдосы - 6 200 адамды құрайды, делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында орын алатыны баса айтылады.

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,3% және 82,1% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 23,5%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (11647 адам), Нұр-Сұлтан (8920 адам), Шымкент (7342 адам), қалаларында және Маңғыстау облысында (327 адам).


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?