Шетелден келген қазақстандықтар үш күнге карантинге жатқызылады

15 Шілде 2021, 12:38
Сурет: Хабар-24

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері шетелден келген қазақстандықтардың жағдайы не болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңа қаулыда шетелден келген қазақстандықтар мен елімізде тұруға ықтияр хаты бар адамдар Қазақстан Республикасында COVID-19-қа қарсы вакцина алғанын растайтын құжаты мен анықтама қағазы болмаған жағдайда карантиндік стационарда 3 тәулікке дейін оқшауланып, зертханадан ПТР-тест нәтижесі шыққанға дейін ұсталатындығы айтылған.

COVID-19 зертханалық зерттеуге арналған материалдарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлері алады, - делінген ресми құжатта.

COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін, диагноз расталмағандарға COVID-19 ауруының белгілері түсіндіріліп, осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес, қағазға өол қойдыртып алынады.

Ал COVID-19 зертханалық анализі диагнозы расталғандар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, - дейді дәрігер.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?