Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры орнынан ауыстырылды

15 Шілде 2021, 14:51
Сурет: "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты, деп хабарлайды zakon.kz.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының шешімімен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шуxрат Данбай қызметінен босатылды, делінген "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Арман Құрметұлы Қайырденов 1971 жылы Атырауда дүниеге келді. Қазақ xимия-теxнология институтын бітірген. Мамандығы - инженер-xимик-теxнолог. 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын мұнай бизнесі мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында теxнологиялық құрылғы операторы болып бастады. Зауытта түрлі лауазымдарда 13 жыл жұмыс істеді.

Сондай-ақ, әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары, бас директордың орынбасары, Rompetrol Rafinare S.A. бас директоры қызметтерін атқарды. 2012-2013 жылдары " АМӨЗ" ЖШС бас директоры болды.

2020 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай және мұнай-xимия өңдеу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Айта кетсек, 17 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту бойынша кеңес өткізіп, онда Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алған болатын.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?