Павлодарда жалған екпе құжатын жасады деген күдікпен медқызметкерлер қамауға алынды

15 Шілде 2021, 15:24
Сурет: zakon.kz

Павлодарда медициналық қызметкерлер вакциналау төлқұжатын қолдан жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодарлық емханалардың бірінің медициналық қызметкерлері қамауға алынды.

Меңгеруші, жалпы практика дәрігері, сондай-ақ осы емхананың екі медбикесі белгілі бір ақша сомасына вакцина алғандардың деректер базасында жалған тіркеуді жүзеге асырды деп күдікке алынды. Тергеу барысында медицина қызметкерлері 200-ден астам жалған вакциналау төлқұжатын жасағандығы анықталды, - деді Павлодар облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Істің мән-жайлары анықталуда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?