"Сары" және "жасыл" аймақтарда 10-минуттық Құрбан айт намазы оқылады - ҚМДБ

15 Шілде 2021, 15:58
Сурет: баспасөз қызметі

15 шілдеде ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының және ҚМДБ Наиб мүфтиі Ершат Оңғардың қатысуымен "Карантин жағдайындағы Құрбан айт" тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс-шараның мақсаты – ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның Құрбан айт мерекесін өткізуге қатысты шешімін халыққа кеңінен жеткізу болды.

Брифинг барысында бас мүфти 2021 жылы 19 шілде арапа күні (Құрбан айтқа дайындық), ал, 20-21-22 шілде Құрбан айт мерекесі екендігін хабарлады.

Биыл 20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 07.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, "сары", "жасыл" аймақтарда 10-минуттық Құрбан айт намазы оқылады. "Қызыл" аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Осы орайда, Құрбан айт намазын өткізу бойынша ҚМДБ-ның өкіл имамдары жергілікті бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифингтер өткізетін болады. Осы ретте жамағаттан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, айт намазы біткен сәтте мешіт ауласында ұзақ тұрақтамауды сұраймыз, – деді Бас мүфти.

Сонымен қатар спикер Құрбан айт рәсімі "www.qurban-2021.kz" сайты арқылы "қызыл" аймақта тек онлайн форматта, ал "сары", "жасыл" аймақта сайтпен онлайн және әдеттегі құрбан шалудың дәстүрлі жолымен офлайн форматта өтетінін мәлімдеді.

Атап өтсек, құрбандық шалуға ниеті бар азаматтар ағымдағы жылдың 15 шілдесінде сағат 15.00-ден бастап онлайн форматта тапсырыс бере алады, ал көмекке мұқтаж жандар құрбандық етін алуға 17 шілдеден бастап, сағат 07.00-ден өтініш бере алады.

Бас мүфти биылғы жылы халықтың денсаулығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында "сары", "жасыл" аймақтар "ASHYQ" мобильді қосымшасы іске қосылатынын жеткізді.

Сондай-ақ Бас мүфти еліміздің өңірлерінде малдың бағасы жергілікті нарық мөлшерімен есептеліп, әртүрлі болатынына ерекше мән берді. Наурызбай қажы Құрбан айт қарсаңында қарапайым халыққа қол жетімді болу үшін жергілікті жердегі кәсіпкерлерге мал бағасын арзандатып, оны тұрақты ұстау және қымбаттатпау жөнінде арнайы үндеу жолдағанын айтты.

ҚМДБ Наиб мүфтиі Ершат Оңғар брифингте халыққа құрбандық шалуға ниеті бар азаматтар сайтта қалай тапсырыс беретіні және оларға есеп беру, құрбандық етін мұқтаж азаматтарға тарату, сондай-ақ "ASHYQ" мобильді қосымшасы арқылы қасапқаналарға кіру мәселесі туралы толық мәлімет беріп өтті.

Брифинг соңында Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесін өткізуге қатысты мемлекет тарапынан қабылданған шешімге құрметпен қарап, түсіністік танытуға шақырды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?