Түркістанда клинеттердің 40 млн теңгесін үптеген банк қызметкері ұсталды

15 Шілде 2021, 16:19
Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Түркістан тұрғындарының 40 миллионнан астам ақшасын алаяқтық жолмен иеленді деген күдікпен бұрынғы банк қызметкерін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан қалалық полиция департаментіне банктердің бірінің қызметкері өзгелердің атынан несие тіркегені туралы шағым келіп түсті. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Белгілі болғандай, банкте аға менеджер болып жұмыс істейтін жас жігіт алдына қандай да бір мәселемен келген азаматтардың құжаттарын қолдана отырып, олардың атынан несие рәсімдеп отырған. Барлығы 11 адамның атына несие шығартып, 3 азаматтың депозиттеріндегі ақшаларын жасырын түрде аударып алған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 40 миллион теңгеден асады.

Тергу кезінде жас жігіт алаяқтық жолмен иеленген ақшаларды құмар ойындарға салып жібергенін мойындады. Өзінің қызметтік міндетін асыра пайдаланған күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай алаяқтықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар, - дейді қалалық ПД баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?