Мәжіліс депутаттары өндіріс орындарындағы кадр тапшылығы мәселелерін талқылады

15 Шілде 2021, 17:30
Сурет: баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысындағы электр техникалық жабдықтарды өндіру зауытына барып, кәсіпорын басшылығымен проблемалық мәселелерді талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінде Петропавл электр техникалық жабдық зауыты өз айналымын арттыруда. Жақында бұрынғы шағын литражды қозғалтқыш зауытының бос ғимараттары болды. Алайда, қазір мемлекеттің қолдауының және инвестор қаражаттарының арқасында цехтар жұмысын қайта бастайды. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, кәсіпорын келесі жылдың басында толық қуатына шығады. Объектідегі реконструкциялау өндіріспен қатар жүргізілуде.

Бұл жоба "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген болатын. Трансформаторлар мен өзге де электр техникасын өндіруге инвестиция ретінде 12 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оның 8-ін қазақстандық "Alageum Electric" компаниясы салды. Ал, шамамен 4 млрд теңгені мемлекеттік инвестициялар құрады. Қаражаттың көп бөлігі игерілген. Кәсіпорын жабдықтар сатып алып, 2020 жылдың мамыр айында басталған өндірістік үй-жайларды қайта жөндеуден өткізді.

Осы жылдың соңына қарай зауытта 3 мыңға дейін трансформатор шығару жоспарлануда. Болашақта мұнда жыл сайын 12 млрд теңге сомасына 13 мыңға дейін электр жабдығы шығарылады. Өнімнің 95 пайызы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортталады. Трансформаторлардың алғашқы партиясын тамыз айында шығару жоспарланып отыр. Қазір нысанда 140 адам жұмыс істейді. Осы жылдың соңына дейін мұнда 310 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Кәсіпорын директоры Мақсат Үсенбаевтың айтуынша, коронавирустық инфекцияға байланысты құрылыс кезінде кадрлардың жетіспеушілігі басты проблемаға айналған. Ұқсас мәселе зауыт толық іске қосылған кезде де туындауы мүмкін. Кадрлардың жетіспеушілігі өндіріске әсер етпеуі үшін қазір жұмыспен қамту орталығымен өзара іс-қимыл жолға қойылды.

Жылдың соңына дейін қалған уақытта жұмысшылармен технологиялар пысықталатын болады. Сондай-ақ, персоналды оқыту жүргізілетін болады. Біз компьютерлік сауаттылығы бар мамандарды тартқымыз келеді. Жоғары оқу орындарымен олардың түлектерін оқумен қатар тәжірибеден өтуі үшін меморандумдар жасаймыз. Содан кейін оларға кепілді жұмысқа орналасу ұсынылады, - деді зауыт директоры.

Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода кәсіпорын басшылығымен аталған мәселені кадрларды қайта даярлау есебінен шешуге болатынын атап өтті.

Кәсіпорын үшін үлкен артықшылығы – өндіріс 70 пайызға автоматтандырылған болады. Ия, кадр мәселесі бар, бірақ ол шешіледі. Біз басшылықпен сөйлестік, МЖӘ аясында біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары ұйымдастырылады. Техникалық және IT-білімі бар мамандар тартылады. Бұл бағыт сайлауалды бағдарламасында да бар. Біз Солтүстік Қазақстан облысында оның тиімді жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз, - деп атап өтті мәжілісмен Дмитрий Колода.

Бүгінгі таңда зауыт аумағында 40 пәтерлі бес қабатты үйді қалпына келтіру аяқталуда. Келесі жылы жұмысшыларға жаңа 9 қабатты үйден 104 пәтер бөлінбек. Жалпы тұрғын ауданы 21 мың шаршы метрді құрайды. Тиімді өндіріс үшін зауытқа қоныс аударушылардың 100 отбасы мен шетелден мамандар шақырылады деп жоспарлануда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?