Тапаншасы бар тіленші әйел. Ақтаулықтар кәдімгідей шошып қалды

16 Шілде 2021, 10:01
Сурет: lada.kz

Ақтауда жол өткен автокөліктерді жағалаған тіленші әйелдің әрекеті көптің алаңдаушылығын туғызды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қолында тапанша тәрізді заты бар қайыршы әйелді базбіреулер 2, 3 және 6А шағын аудандарының жол қиылысында видеоға түсіріп алған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Лада басылымы.

Бүгін, 15 шілдеде түстен кейін Маңғыстау энергетикалық колледжі маңындағы жолда қолында тапаншаға ұқсас заты бар әйел байқалған.

Видеоны түсірген жүргізуші қайыршы әйелдің артына тапанша тығып тұрғанын айтады.

Мен бірдеме болып кетеді ме деп дереу терезені жауып алдым. Мұндайды бірінші рет көріп отырмын. Егер жүргізуші оған ақша бермесе, сонда тапаншасымен қорқытпақшы ма? - деп видео авторы өз күдігіндегі сұрақты ортаға салады.

Ақтау полиция бөлімінің полиция қызметкерлері әйелдің кім екенін анықтады. Ол үйсіз-күйсіз жан болып шықты.

Азамат полицияға жеткізілді. Әйелдің қолындағысы ойыншық тапанша болып шықты. Полицияға ешкім шағым немесе арыз түсірген жоқ.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша хаттама толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деп хабарлады департаменттегілер


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?