Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Тодуа өлімінің себебі жарияланды

16 Шілде 2021, 10:14
Сурет: azattyq-ruhy.kz

Қазақстандық қызды зорлады деп айыпталған Грузия азаматы Бесик Тордуаның өлімінің себебі аталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Sputnik-georgia хабарлағандай, 2021 жылы 28 мамырда қылмыстық-атқару мекемесіне түскен кезде айыпталушы медициналық тексеруден өтіп, оған артериялық гипертензия диагнозы қойылған. Осыған байланысты ол үнемі медициналық персоналдың бақылауында болды.

2021 жылы 30 маусымда Тордуа қатты бас ауырып, дәрігермен кеңесіп, есінен танғанын да айтқан. Сөйлеу қабілеті бұзылып, қан қысымы көтерілген.

Тордуа басындағы қан айналымының (болжамды) бұзылуына байланысты жедел жәрдем көлігімен азаматтық клиникаға жеткізілді.

Клиникада өткізілген мидың компьютерлік томографиясы және невропатологтың консультациясының нәтижелері бойынша диагноз қойылды: церебральды инфарктқа күдік келтірілді.

Ауыр жағдайына байланысты айыпталушы жансақтау бөліміне жатқызылды, ем-дом жүргізіліп, қарқынды терапияның бақылауында болды. Нейрохирургтың консультациясы бойынша оған жедел хирургиялық ота қажеттілігі туындады. Операциядан кейін науқастың жалпы жағдайы ауыр деп бағаланды, гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақсыз болды, деп жазады басылым.

Емдеуге қарамастан, науқастың жағдайы нашарлап, 2021 жылдың 14 шілдесінде аномальды жүрек ырғағы (брадиаритмия) тіркелді, ол көп ұзамай асистолаға ауысты, яғни жүрек қызметінің тоқтауы.

Жүрек-өкпе реанимациясы толықтай хаттамаға сәйкес жүргізілді, бірақ жүректің механикалық қызметі қалпына келмеді. Биологиялық өлім тіркелді, делінген хабарламада.

Тбилисиде 26 жастағы Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның өлі денесі табылғаннан кейін өзін-өзі өлтіруге итермеледі және зорлады деген күдікпен полиция Зугдидидің тумасы Бесик Тордуаны ұстады.

Оқи отырыңыз: Әсел Айтпаеваның өлімі: Қызды зорлады деп айыпталған басты күдікті қайтыс болды


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?