Шалғайдағы ауыл мектебінің жөндеу жұмыстары Мәжіліс депутаттарының назарында

16 Шілде 2021, 11:22
Сурет: баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл және Ғалым Әміреев Қызылорда облысының Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №118 орта мектеп ғимаратының құрылысымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауылдағы білім ордасының іргетасы 1982 жылы қаланған. Содан бергі 40 жылға жуық уақытта мектеп ішінде кішігірім жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, дәл осындай күрделі жұмыс алғаш рет жасалып отыр. Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 279 млн теңге бөлінген.

Мердігер мекеме өкілі Еркебұлан Сыздықбаевтың айтуынша, жұмыс мамыр айында басталып, қазіргі уақытта монтаждау жұмыстарының 60 пайызы аяқталған. Сондай-ақ, терезе орнатылып, ішкі жұмыстар жасалып, мектептің сыртқы беті қапталғанын, нысанд 1 қыркүйекке дейін тапсыратынын жеткізді.

Жетекші партия ауылдағы білім ошақтарын да назардан тыс қалдырмай, шалғайдағы ауыл мектебіне жасалып жатқан жұмыстар оның көрінісі екенін айтқан фракция мүшесі Ғалым Әміреев ендігі жерде осы бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы керектігіне ерекше назар аударды. Сапар барысында депутаттар мектеп айналысының қоршауы жөндеу жұмыстарына енгізілмегендіктен жергілікті әкімдік арқылы алдағы уақытта осының шешу жолдарын қарастыруды ұсынғандарын айтты.

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл сайлауалды бағдарлама 2025 жылға дейін облыстың барлық мектептерін химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен кезең-кезеңімен жарақтандыру, мектептегі жөндеу жұмыстары балалардың білім алуына да өзіндік септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.

Жалпы халық қалаулылары аудандағы сапары барысында партия бағдараламасы аясында жеке кәсіпкердің қолдауымен пайдалануға берілген жабық бассейн және медициналық клиника жұмысын көріп, аудан тұрғындарымен кездесті.

Сонымен қатар, депутаттар Сыр еліне сапар барысында көптеген әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтеріп, тұрғындардың талап-тілектерін назарларына алуда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?