Алматы облысында бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды

16 Шілде 2021, 12:32
Сурет: zakon.kz

Алматы облысында бес бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

28 маусымда облыстың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыптау үкімін шығарды.

Полиция қызметкерлері бірқатар қылмыстар бойынша кінәлі деп танылды:

1) алдын ала бір топ адаммен сөз байласу арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау және тасымалдау, лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдалану (ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігінің 1), 4) тармақтары);

2) алдын ала адамдар тобымен келісу арқылы бірнеше рет бопсалау жолымен пара алу (ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-бөлігінің 1), 2), 4) тармақтары);

3) қызмет бабын асыра пайдалану (361-баптың 1-бөлігі);

4) заңсыз қамауға алу, ұстау немесе қамақта ұстау (ҚР Қылмыстық кодексінің 414-бабының 1-бөлігі);

5) өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алаяқтыққа бару (ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағы).

Сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы негізінде 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын, ал тағы біреуіне 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп атап өтті Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушылар сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?