Екпе алмаған ата-аналардың баласын алып қояды. Желідегілер тағы дүрлігіп жатыр

16 Шілде 2021, 14:34
Сурет: rusorel.info

Әлеуметтік желіде мектеп автобустары сатып алынып жатқаны туралы пайда болған ақпарат қызу талқыланып жатыр. Кейбір желі қолданушылардың пікірінше, көлік ата-аналардың келісімінсіз балаларды эвакуациялау үшін пайдаланылмақ, деп хабарлайды zakon.kz.

Алайда stopfake.kz бұл пайымның еш шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Айта кетсек, жеңілдетілген шарттармен 515 мектеп автобусын сатып алу туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов биыл маусым айының соңында мәлім еткен болатын. Бірақ бұл хабарды естіген ата-аналардың бәрі бірдей қуанған жоқ. Instagram-да кейбірі бұл автобустар балаларды сабақтан алып кету үшін қажет, ал ата-анаға баласының қайда екені айтылмайды, бұл оларды COVID-19 қарсы вакцина алуға мәжбүрлеу үшін жасалады деген пікірлер жазылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл болжамдарды жоққа шығарды. Ведомство өкілдері кейбір балаларға мектепке жету қиын болғандықтан жаңа автобустар сатып алу қажеттіліктен туындағанын хабарлады.

– Балалардың қауіпсіздігі балаларды мектепке және үйге тегін тасымалдауды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұған 21 мыңнан астам білім алушы мұқтаж, олар үшін 758 бірлік автокөлік тасымалы қамтамасыз етілген. Соңғы үш жылда автобус паркі 203 бірлікке жаңартылды. Бүгінгі таңда автокөлік сатып алу қажеттілігі әлі де сақталып отыр. Бұл мәселені шешу үшін мектептерді автобустармен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы аясында автобус паркін жаңарту жоспарланған, – деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, мектеп автобустары балаларды мектепке және мектептен үйге жеткізу үшін ғана пайдаланылмақ. Көлікті басқа мақсаттарда пайдалану жоспарда жоқ. Демек, елімізде ата-аналарды вакцинациялауға мәжбүр ету мақсатында балаларды мектептен жасырын түрде әкету үшін мектеп автобустары сатып алынатыны туралы пікірлер негізсіз және шындыққа жанаспайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?