Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері айт қарсаңында үндеу жасады

16 Шілде 2021, 15:16
Сурет: gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова астаналықтарды Құрбан айт мерекесін кең көлемде тойлаудан бас тартуға шақырды. Бұл туралы ол арнайы онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бүгіндері Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр.

Сархат Бейсенованың айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты биыл қала мешіттерінде мерекелік Айт намазы өткізілмейді. Мұндай шаралар инфекцияның таралуына жол бермес үшін қабылданды.

Барша тұрғындарды аса қажеттілігі болмаса, адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Байланыс жасайтын адамдар қатарын азайтыңыз, қонақ шақырмаңыз және қонаққа бармаңыз. Егер коронавирустық инфекцияның өсу динамикасы төмендемесе, қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілері қатаң санитарлық нормаларды сақтамаса, біз локдаунға оралуға мәжбүр боламыз, - деді Сархат Бейсенова брифингте.

Елорданың бас санитарлық дәрігері тек вакцинация коронавирустық инфекцияны жеңуге және қалыпты өмірге оралуға көмектесетінін атап өтті.

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай көбіне өзімізге байланысты екенін түсіну керек. Сондықтан, біз тек вакцинация ғана ауруды жеңе алады деп отырмыз. Вакцинация – бұл, ең алдымен, сіз бірге жұмыс істейтін адамдардың, отбасыңыздың және жақындарыңыздың алдындағы жауапкершілік. Тек жаппай вакцинация ғана пандемияны жеңуге және қалыпты өмірге оралуға көмектеседі, - деп сөзін қорытындылады Сархат Бейсенова.

Айта кетейік, бүгінде елорда халықты вакциналау қарқыны бойынша көш бастап тұр. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 308 мыңнан астам адам алған. Алайда бұл карантинді жеңілдету үшін жеткіліксіз. Естеріңізге сала кетейік, Құрбан Айт мерекесі 20-22 шілде аралығында онлайн режимде өтеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?