Сағынтаев Алматыдан Олимпиадаға қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі

16 Шілде 2021, 17:13
Сурет: баспасөз қызметі

Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысушылармен онлайн-кездесу барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев спортшыларға табандылық пен жеңіс тіледі.

"Токио - 2020" Олимпиада ойындары ағымдағы жылдың 23 шілдесінен 8 тамызға дейін Жапонияда өтеді.

Алматы қаласының 13 спортшысы Олимпиада ойындарына қатысу үшін спорттың 6 түрі бойынша 13 лицензияны жеңіп алды: жүзу (100 м, 200 м) – Дмитрий Баландин; спорттық шыңға шығу – Ришат Хайбуллин; спорттық гимнастика – Милад Карими (7 лицензия); су полосының командасы; жеңіл атлетика – Кристина Овчинникова; стенділік ату – Әсем Орынбай. Елдегі лицензиялардың жалпы саны – 96, ал спортшылар саны – 95, делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, ойындары ағымдағы жылдың 24 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында Токиода Паралимпиада ойындары өтеді.

Алматыдан 2 спортшы 2 лицензия жеңіп алды: паратаэквондо – Камиля Досмалова, парапауэрлифтинг – Алина Солодухина. Елдегі лицензиялардың жалпы саны – 23.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?