2024 жылы Қазақстанда резервтегі әскери қызмет іске қосылады

18 Шілде 2021, 11:29
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Елімізде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленіп жатыр. Zakon.kz тілшісі Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің офицері, подполковник Берік Сүлейменовке бірнеше сұрақ қойды.

- Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен келіп түскен біраз сұрақтар бар, соны рұқсат етсеңіз қойып өтейін. Заң жобасын дайындау қалай жүріп жатыр? Жоба үкімет пен парламентке қашан ұсынылатын болады?

- Заң жобасы қазіргі кезде заң жобалау жұмыстары жөніндегі ведомствоаралық комитетіне қару үшін әзірлеуде. Ведомствоаралық комитеті мақұлданғаннан кейін, заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісу үшін жолданады. Содан кейін жоба келісу аяқталған соң, Үкімет және Парламетке таныстыру үшін ұсынылады. Ол 2022 жылдың екінші жартысына жоспарланған.

- Тиісті заң қашан қабылданып, резервтегілердің алғашқы шақыруы қашан басталады? Ол ерікті түрде болады ма?

- Тиісті заң қабылданған жағдайда резервшілердің бірінші шақыруы 2024 жылдың екінші жартысында немесе 2025 жылдың басына жоспарланған. Әрине, ол ерікті түрдегі шақырту болады.

- Азаматтардың белгілі бір санаттарына немесе азаматтық мамандықтарға қарағанда қандай да бір артықшылық беріледі ме?

- Резервтегі қызметке шақырылу, келісімшарт бойынша қабылдау аналогиясымен қабылданады. Артықшылық - әскери дайындығы бар азаматтарға беріледі. Оған мерзімді қызметте әскери қызмет өткендер және әскери техникалық мектептерде, әскери кафедрада дайындықтары бар, тағайындалған лауазымдарға азаматтық мамандықтары жақын болған жағдайда артықшылық беріледі. Сонымен қатар, атқыш және пулеметші мамандарына әскери дайындығы жоқ азамттарды қабылдауға мүмкіндіктері бар.

- Резервтегілерді оқыту үшін жаңа әскери бөлімдер құру жоспарланған ба? Егер жоспарланбаған болса, резервтегілер қай бөлімдерде қызмет ететін болады?

- Резервшілерді дайындауға жаңа әскери құрылу жоспарда жоқ. Осыдан кейін республиканың барлық аумақтарында орналасқан әскери бөлімдерде осы резервтегі қызметті енгізу жоспарлануда.

- Резервтегі қызметтің қандай-да бір артықшылықтары бар ма? Атап өтсеңіз.

- Резервтегі қызметтің артықшылығы Қарулы Күштерге де, сонымен қатар азаматтарғада бар. Қарулы Күштерді алсақ, резервшілердің әскери бөліміне жету уақыты қысқарады. Екіншіден, әскери бөлімдер жинақталатын резевршілердің дайындығының сапасын жетілдіреді. Және резервшілердің денсаулығық жағдайын үнемі бақылауға мүмкіндік береді. Азаматтар үшін қосымша ақшалай табыс алуға мүмкіндік береді. Ең төменгі айлық және де жиындар өту кезінде жұмыс орны бар азаматтарға орташа айлық, жұмыстары жоқ азаматтарға да ең төменгі айлық төленеді. Сонымен қатар, оларға әлеуметтік пакет қарастырылған.

- Резервтегілердің жас шектеулері қандай? Резервтегі қызметке әйел адамдар шақырылады ма?

- Резервшілердің шектеулі жастары офицерлік құрам 60 жасқа дейін, ал сержанттар мен сарбаздардың құрамы 50 жасқа дейін құрайды. Әйел адамдар резервтегі қызметке жалпы-негізгі ережелермен қабылданады. Олардың шектеулі жасы - 45 жас.

- Берік Кеңесұлы, келіп сұқбат бергеніңізге рақмет. Қош сау болыңыз!


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?