Ал керек болса! Әуежайдың басында жалған ПТР-тест анықтамасы сатылған

19 Шілде 2021, 10:18
Сурет: zakon.kz

Алматы әуежайының екі қызметкері жалған ПТР-тест анықтамасын жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық полицияның мәліметінше, барлығы шамамен 15-20 анықтама қағаз сатылған.

ПТР-тестті олар ұялы телефондағы қосымша арқылы өз беттерінше жасағанын айта кеткен жөн.

Қызметкерлер клиенттің анкетадағы жеке деректері мен куәліктің берілген күнін түзетіп, кейіннен заңсыз қызметке қатысты әуе компания өкілдері бұл жолаушыларды ұшаққа отырғызған, ал алынған қаражат өздері мен әуе компанияның өкілдері өзара бөліп алып отырған.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, қамауға алынғандардың ПТР-тест анықтамасын жасау бойынша ұқсас фактілерге қатыстылығы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. "Сатушылар" ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп түсіндірді департаменттегілер.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?