Президент: Былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды

19 Шілде 2021, 16:11
Сурет: 24kz

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидахуалға байланысты өткізіліп жатқан кеңесте денсаулық сақтау жүйесіндегі олқылықтарға тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірнеше айдың ішінде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, қажетті құрал-жабдық сатып алынды, дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Медицина қызметкерлерін де оқыттық. Енді, осының бәрін дұрыс әрі тиімді пайдалану керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды.

Денсаулық сақтау жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Өкінішке қарай, осы мәселеде олқылықтар бар. Менің тапсырмам бойынша өңірдегі денсаулық сақтау нысандары тексерілді. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Жаңадан салынған модульді жұқпалы аурулар орталықтары ғана стандарттарға сай келеді, - деді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?