Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне Құрбан айтқа байланысты тапсырма берді

19 Шілде 2021, 16:23
Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек, - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін.

Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет, - деді Тоқаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?