ШҚО-дағы жаппай жол апаты: екі жүргізушінің де әйелі мен балалары көз жұмды

19 Шілде 2021, 17:34
Сурет: баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 18 шілдеде Мақаншы-Жалаңашкөл тас жолының 128/22 шақырымында Үржар маңында орын алды.

Облыстық полицияның хабарлауынша, жол апаты кезінде үш көлік соқтығысқан: Geely, Kia Sportage және Lada.

Соқтығысу салдарынан Geely жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жасар ұлы, сондай-ақ Lada жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы қайтыс болды.

Geely көлігінің жүргізушісі де, жолаушысы да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша - көлік құралын басқарған адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, - делінген ШҚО ПД хабарламасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?