20 шілдеге арналған ауа-райы болжамы

19 Шілде 2021, 17:53
Сурет: pixabay.com

Синоптиктер 20 шілдеге арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Фронтальдық бөлімдердің ықпалымен республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады. 21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон әсер етеді, бұл кезде жауын-шашынсыз жылы ауа-райы күтіледі", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Батыста ауа температурасы түнде +20+25℃, күндіз +33+41℃, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18℃, күндіз термометрдің бағандары +23+35℃, солтүстік-батыста түнде +12+25℃, күндіз +25+40℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21℃, күндіз +25+35℃, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С, +30+40°С.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?