Алматыда өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған жігіт көшедегілерді тонаған

21 Шілде 2021, 10:14
Сурет: polisia.kz

Тараз қаласының 20 жастағы тұрғыны өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, Алматыда көшедегі адамдарды тонаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық полицияның хабарлауынша, қылмыскер бұрын да кісі тонағаны үшін сотталған.

Бұл жолы қылмыстың тәсілі аздап өзгеріпті. Енді ол өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көшеде өтіп бара жатқан адамдарды тонады. Ұстау кезінде одан полиция формасы тәркіленді. Күдікті Алматы қаласы мен Алматы облысының шекаралас облыстарында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы барлығы тексеріліп жатыр, - деді Медеу аудандық полиция департаментінің бастығы Дәурен Өтебаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?