Бір топ әйелмен кездеспек болған Денсаулық министрлігі өкілдері сабалды

21 Шілде 2021, 11:01
Сурет: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде шенділерді сабап жатқан әйелдердің видеосы тарады. Кейіннен белгілі болғандай, таяқ жегендер вакцинаға наразы топпен сұқбат жүргізбекші болған Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Таяқ жеген денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері кеше болған оқиғаны жабулы қазан күйінде қалдырмақшы. Полиция шенеуніктердің арызданбағанын айтты.

Айта кетсек, ашуға булыққан аналардың шенеуніктерді сабап жатқан видеосы кеше әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға, негізінен былай болған: коронавирус екпесіне қарсы бір топ әйел денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары Ажар Қиният, Жандос Бүркітбаев және бас санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаевпен кездесуге шақырылған. Тараптардың сөзі жараспағаны соншалық, әйелдер шенеуніктерге айқайлап, жұдырық ала жүгіреді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл оқиғаға еш мән бермегендей кейіп танытып, әрқашан диалогқа ашық екенін мәлімдеді.

(Ескерту - аталған ақпаратты видеоның 15 минутынан бастап көре аласыздар)


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?