Нұр-Сұлтан адвокаттары алқасының тағы бір мүшесі ковидтен көз жұмды

21 Шілде 2021, 11:53
Сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Владимир Халюткин коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабармен адвокат Әсел Тоқаева өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

"Біздің Нұр-Сұлтан адвокаттары алқасында үшінші адам өмірден озды. Ауыр дерттен ең мықты, тәжірибелі, бәрінің сүйікті адамы ақырындап кетіп жатыр... Владимир Васильевич Халюткин кеше қайтыс болды ... Мен әлі күнге дейін сене алмай отырмын ... қайғы жұтып ... Әзілқой, оптимист, өмірдегі барлық жағдайға өз айтары бар жақсы адам еді...Владимир Васильевич көптеген жас заңгерлердің тәлімгері болды, әрдайым өзінің жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, жомарттық танытты. Соңғы жылдары ол тәлімгерлерге дәріс оқыды. Жаныңыз жай тапсын, Владимир Васильевич, сіздің бейнеңіз біздің жадымызда мәңгілік сақталады... ", - деп жазды ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?