Ел мәртебесін асқақтатқан Рухияны жұрт әуежайдан күтіп алды

21 Шілде 2021, 13:03
Сурет: Хабар-24

Бүгін, 21 шілдеде елорда әуежайында еліміздің жарық жұлдызы – Витебскідегі "Славян базары" халықаралық байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенді жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабар 24-тің хабарлауынша, Рухия Байдүкенова шығармашылық топпен, атап айтқанда әлемге әйгілі Димаш Құдайберген, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат Айтбаев, Света Айтбаевалармен бірге бірге Беларусь елінен ұшып келді.

"Маған қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымды айтамын. Ең бастысы, халқыңның махаббатын сезіну, еліңнің сені мойындауы емес пе? Мен үшін ең басты жеңіс осы. Жеңісімді халқыммен бірге тойлаймын. Бұл бала кезімнен бергі арманым еді. Бүгін алға қойған мақсатыма жеттім", – деді Рухия Байдүкен елорда әуежайында.

Айта кетейік , 14 мемлекеттен келген қатысушы славян елінен шыққан композитордың туындысын славян тобына жататын тілдің бірінде оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Байқау нәтижесінде жерлесіміз Гран-при иегері атанып, «Алтын лира» мүсіншесімен бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды.

"Байқауға жалғыз өзім бардым. Алдымен Беларусь астанасы Минскіде президент оркестрімен дайындық өткіздік, сосын Витебскіге бардық. Байқау екі күнге созылды, жеңіске жететініме алғашында күмәндандым, себебі қарсыластарым мықты болды. Дегенмен барынша өзіме сенімділік таныттым", - деді Рухия.

Жанкүйерлер тобы халықаралық байқауда еліміздің рухын асқақтатқан жеңімпаз қызымызға гүл шоқтарын сыйлап, жылы лебіздерін білдірді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?