Қандай медқызметкерлер жойылған үстемақы орнына зиян үшін төлем алады

21 Шілде 2021, 15:02
Сурет: 24kz

"COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатта 2021 жылдың 1 қазанынан бастап COVID-19 пандемиясына қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне арналған үстемеақылардың жойылуы қарастырылған.
Оның орнына 1 қазаннан бастап арнайы психо-эмоционалды және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін үстеме ақы мен қосымша ақы алатын дәрігерлердің санаттары анықталды.

Оларға мыналар жатады:

- реаниматолог-анестезиологтар;
- жұқпалы аурулар бойынша мамандар;
- реанимация және анестезиология бөлімшелерінің анестезиологтары;
- эпидемиологтар;
- БМКҚ психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері;
- ядролық медицина орталығының қызметкерлері;
- патологоанатом дәрігерлер.

Сонымен қатар, 1 тамыздан бастап қолданыстағы үстемеақылар мөлшерін 50% төмендету ұсынылады. Осыған байланысты төлемдер мөлшері:

бірінші тәуекел тобы - ең төменгі жалақының 10 реттік мөлшері;
екінші тәуекел тобы - ең төменгі жалақының 5 реттік мөлшері;
үшінші тәуекел тобы - ең төменгі жалақының 2,5 реттік мөлшері;

Аталып өткендей, бұл жәрдемақы түрі 1 қазаннан бастап төленбейді.

Еске сала кетелік, 2021 жылы ең төменгі жалақы көлемі 42 500 теңгені құрайды.

Құжат 4 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?