Желіде өлілерге вакцина салынып жатқаны туралы ақпарат тарауда

21 Шілде 2021, 16:47
Сурет: rossaprimavera.ru

Telegram-чаттардың бірінің қолданушылары елімізде өлі адамдардың COVID-19-ға қарсы егілетіні туралы хабарды бөлісіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Жазба авторы бұл процедура міндетті болып табылады және салынатын вакцина ақысын марқұмның туыстары төлеуге міндетті дегенді айтады. Бұл, әрине шындыққа жанаспайтын ақпарат, деп хабарлайды stopfake.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болғандарды COVID-19-ға қарсы міндетті ақылы вакцинациялау туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қайтыс болғандарды вакцинациялау туралы ресми түрде мәлімдеме болған жоқ. Бұл процедура мүлдем мағынасыз. Демек, Қазақстанда ақша талап етіп, марқұмдарға екпе салынатыны туралы қауесет ойдан шығарылған және расталмайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?