Жаңалықтар тізбегі
0

25 шілдеден бастап қазақстандықтар Ресейге арнайы қосымшаны қолдану арқылы ұша алады

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2021 18:56 pxhere.com
"COVID-19 вирусынсыз саяхат жаса" мобилді қосымшасы биыл ақпан айында іске қосылған. Онда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПЦР-тест нәтижелерінің бәрі сақтаулы тұрады.

25 шілдеден бастап қазақстандықтар Ресейге "COVID-19-сыз саяхат жаса" қосымшасы арқылы ұша алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресейге ұшып келуі үшін Қазақстан азаматтары коронавирусты теріске шығаратын ПТР-тест анықтамасын "COVID-19-сыз саяхат жаса" мобильді қосымшасы арқылы растап, ұсынуы керек, делінген РФ-дағы Қазақстанның елшілігі сайтында.

Ресей 25 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (Армения, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстан) мүше елдерден келетін мигранттарға "COVID-19 вирусынсыз саяхат жаса" қосымшасын пайдалануды міндеттеді. Бұл жөнінде Ресей үкіметінің арнайы қаулысында айтылған.

1 қыркүйектен бастап бұл талап Әзербайжан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінен келетін азаматтарға да тиесілі болады.

"COVID-19 вирусынсыз саяхат жаса" мобилді қосымшасы биыл ақпан айында іске қосылған. Онда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПЦР-тест нәтижелерінің бәрі сақтаулы тұрады.

Оны Ресей арқылы үшінші елге кетіп бара жатқан жолаушылар қолданбаса болады.

Ресей ІІМ осыған дейін мигранттарға арналған арнайы "Мигрант" қосымшасын әзірлеуді ұсынған. Онда Ресейге жұмыс істеуге келетін мигранттар жайында барлық ақпарат болады делінген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: