Жаңалықтар тізбегі
0

Базалық сыйақы мөлшермесін неге көтерді - ҚР ҰБ түсініктемесі

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2021 22:26 inbusiness.kz
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта инфляция серпіні біздің болжамымыздан жоғары қалыптасып келеді - Ақылжан Баймағамбетов.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов базалық сыйақы мөлшермесін неге көтерген себептерін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол Ұлттық банктің негізгі міндеті – елдегі баға тұрақтылығын сақтау және біздің басты құралымыз – бұл базалық мөлшерлеме екенін еске салды.

Оны көтеру – маусым айында 7,9% рекордтық көрсеткішке жеткен қазіргі инфляцияның қарқын алуына орай қабылданған қисынды жауап болды дер едім және инфляцияны 2022 жылы 4-6%-дық мақсатты диапазонға дейін төмендету қажеттілігі болды.

Инфляцияның өсуі – жергілікті құбылыс емес екенін баса айтқым келеді. Тіпті, соңғы айларда аса жоғары инфляцияның ықпалы бүкіл әлемде сезілді десе де болады. Қазақстандағы инфляцияның өсуі уақытша, сондай-ақ орнықты ішкі және сыртқы факторлардың теріс ықпалынан туындады, - дейді Ақылжан Баймағамбетов.

Біріншіден, жанар-жағар май, электр қуаты және жекелеген азық-түлік тауарлары едәуір қымбаттады. Көптеген позициялар бойынша бағаның өсу қарқыны екі таңбалы санмен есептеледі. Тұтынушылық сұраныстың қалпына келуі инфляцияның өсуіне ықпал етті.

Екіншіден, біздің негізгі сауда әріптесіміздің бірі – Ресейден келетін "инфляция импорты" ішкі бағаларға қосымша қысым көрсетіп отыр. Көрші елде де бағалар тез көтеріліп жатыр – онда инфляция 6,5%-ға дейін жылдамдады. Бұл – соңғы 5 жылдағы ең жоғары белгі. Бұған жауап ретінде Ресейдің Орталық банкі мөлшерлемені 6,5%-ға дейін бірден 100 базистік тармаққа көтеру жөніндегі соңғы шешімді қосқанда, соңғы айларда негізгі мөлшерлемені бірнеше рет көтерді, - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, оның айтуынша, көптеген елдерде инфляцияға әсер ететін неғұрлым жаһандық факторлардың бірі – шикізат пен азық-түлік тауарларына әлемдік бағаның өсуі.

Азық-түліктің әлемдік баға индексі шамамен бір жыл бойы өсіп келе жатқанын біз әлден байқап отырмыз, бұл тамақ өнімдерінің барлық негізгі санаттарына белсенді сұранысты көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамдарына сәйкес бұл үрдіс 2022 жылы да жалғасады деген пайым бар, - деді ол.

Жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру мен жеңіл ақша-кредит саясаты бағаның өсуі үшін маңызды фактор болды. Әлемнің орталық банктері экономиканың қалпына келуін қолдап, арзан қаржы ресурстарын қолжетімді ету үшін мөлшерлемелерді жаппай төмендетті. Осы бір қаржылық ынталандыруға, карантиндік шектеулерді алып тастауға, жаппай вакцина егуге байланысты іскерлік және тұтынушылық белсенділік тез қалпына келе бастады. Бұл жағдай бағаны аспандатып, тауарлар мен қызметтерге сұранысты күшейтті. Тиісінше инфляциялық күтулер де өсті, осыдан бағаларға қосымша қысым болды.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта инфляция серпіні біздің болжамымыздан жоғары қалыптасып келеді. Мұның себебі – жекелеген ішкі азық-түлік нарықтарындағы теңгерімсіздікте болып тұр. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі де, өкінішке қарай, біздің күткенімізден асып түсті. Дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыруға байланысты белсенді түрде қалпына келіп жатқан тұтынушылық сұраныс жоғары инфляциялық үрдісті қолдағандай. Осы жылдың 5 айында тұтыну импортының 30%-ға өсуі ковидке дейінгі 2019 жылғы деңгейден асты, Мен мұны өсу ықтималдығы жоғары болған 2020 жылмен емес, оның алдындағы дағдарысқа дейінгі жылмен әдейі салыстырып айтып отырмын, - дейді Баймағамбетов.

Ол осы жағдайда Ұлттық Банк инфляциялық қысымды төмендету үшін базалық мөлшерлемені көтергенін айтады. Оның сөзінше, ақша-кредит саясаты саласында шешімдер қабылдау кезінде инфляцияның қалыптасу перспективаларын басшылыққа алатынымызды және оның 2022 жылы мақсатты дәлізге оралуын күтетінімізді айтқым келеді.

– Іскери БАҚ жүргізген сауалнама нәтижесі респонденттердің мөлшерлеменің көтерілуін күткенін көрсетеді. Яғни, сарапшылар қазіргі жағдайда ақша-кредит саясаты еріксіз күшейтіледі деп санайды. Сондықтан да біздің шешіміміз нарықтың күткеніне сәйкес болды деп ойлаймын, - дейді ол.

Ол бұл арада осы жылдың басында қабылданған Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы коммуникация – толыққанды инфляциялық таргеттеу саясатын енгізудің маңызды құрамдас бөлігі екенін көздейтінін айтты.

Сондықтан біз үздік практиканы зерттейміз, оны өзіміздің болмысымызға қарай зерделейміз және Ұлттық Банкке сенімді арттыру үшін шешімдеріміз ашық, жүйелі әрі болжамды болсын деген бағытымызбен алға қарай ілгерілеп келеміз. Өз материалдарымызда Қазақстандағы инфляцияның факторлары мен перспективалары туралы ақпарат береміз, ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер негізделетін болжамдарды ұсынамыз, - дейді ол.

Баймағамбетовтың айтуынша, базалық мөлшерлеме – бұл "сиқырлы" таяқша емес, оның өсуі ұсыныс тарапынан инфляцияның өсу факторларын жоймайды, мұнда Үкіметтің жүргізіп отырған жүйелі жұмысы маңызды. Сонымен қатар, мұндай жағдайларда мөлшерлеменің артуы және қажет болған жағдайда нарықтың оны одан әрі арттыруға дайын екендігі туралы белгісі депозиттердің долларсыздандыру деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді, теңге бағамын қолдап қана қоймай, ақша және валюта нарықтарында жағымсыз жағдайлардың дамуын тежеп, алдын алады. Нәтижесінде теңге бағамының шамадан тыс тұрақсыздығы жойылып, инфляцияны тұрақтандырады.

Бағаны әкімшілік реттеуге келетін болсақ, сұраныс пен ұсыныстың айтарлықтай қысқа мерзімді теңгерімсіздігі кезеңінде жанама реттеу әдістері пайдалы болуы мүмкін. Бірақ бұл шаралар уақытша болуы керек. Егер әкімшілік тұрғыда әсер ету әдістері ұзақ мерзімді болса, онда бұл баға белгілерін бұрмалау арқылы өндірушілердің қызметін ынталандырмайды, керісінше, оның кері әсері болуы мүмкін. Нарықтық экономикада баға сұраныс пен ұсыныс балансының көрсеткіші болуы керек, - дейді ол.

Айта кетсек, ҚР Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық жылдық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде +/- 1,00 п.т. пайыздық дәлізбен белгілеу туралы шешім қабылдағаны хабарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: