Жаңалықтар тізбегі
0

Луговойда ер адам жүріп бара жатқан пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кетті

Көліктегі полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2021 22:42 Көліктегі полиция
Ол өзі мінетін пойызға кешігіп жеткен. Шарасыз жолаушы вагонға қарай жүгіріп, жылжып бара пойыз есігін жанталаса қағады.

Жамбыл облысы Луговой стансасында Көліктегі полиция қызметкерлері патруль кезінде жүріп бара жатқан пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кеткен адамды байқап, оны шығарып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың 23 шілдесінде ер адам өзінің алаңғасарлығы салдарынан Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша пойызға кешігіп келеді. Шарасыз жолаушы вагонға қарай жүгіріп, жылжып бара пойыз есігін жанталаса қағады. Ол полиция қызметкерлерінің ескерту ысқырығына жауап берген жоқ. Салдарынан ол өзінің абайсыздығынан аяғы тайып, пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кетті. Бақытымызға орай, пойыз шұғыл тежегішті басып, тәртіп сақшылары оны пойыз астынан шығарып алды, - деді Көліктегі полиция.

Белгілі болғандай, 31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны алкогольдік мас күйде болған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы "орташа дәрежедегі" мас күйінде болған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда пайда болу) бойынша бірден 2 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы (Теміржол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша оған 10 АЕК (29170 теңге) көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Полициядағылар атап өткендей, осы оқиғаға байланысты жоғарыда аталған пойыздың жоспардан тыс тоқтап, кешеуілдеу уақыты 3 минутты құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: