Жаңалықтар тізбегі
0

"Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі Францияда прокатқа шықты

Қазақфильм, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2021 21:46 Қазақфильм
Фильмдегі басты рөлде Самал Еслямова ойнайды.

Қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапониялық Лиза Такэба түсірген "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі Францияда прокатқа шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Кинотуынды продюсері Юлия Кимнің айтуынша, Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген картина бүгіннен бастап Францияның 21 қаласында көрсетіледі. Айта кетсек, осыған байланысты бүгін Париждегі Espace Saint Michel кинотеатрында санитарлық талаптарға сәйкес фильмнің арнайы көрсетілімі өтеді.

"Қазақфильм" және жапондық Tokyo New Cinema компаниясы атсалысқан фильмде тыныш өмірінің шырқын бұзып, барымташылар отағасын аяусыз өлтірген отбасы туралы баяндалады. Марқұмның Олжас есімді 12-жасар баласы, барымташылардың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасыларына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге кешеді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қол ұшын созады.

Фильмде басты рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова (Қазақстан), танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолда және жапондық актер Мирай Морияма сомдайды. Әкесін жоғалтқан баланың рөлін Мәди Минайдаров есімді жас актер ойнайды.

- Жапондықтармен бірге түсірген фильм әлем кинематографының отанында көрсетілетініне қуанып та, қобалжып та отырмын. Себебі, менің шығармашылығымда бұл алғаш рет болып жатқан қуанышты жағдай, - деп ойымен бөлісті фильмнің тең режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов.

"Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі ең алғаш 2019 жылы Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірі – халықаралық Бусан кинофестивалі шеңберінде көрсетілген болатын. Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген туынды Оңтүстік Кореяның ең үлкен экраны – Busan Cinema Center орталығында аталған фестивальді ашқан болатын.

Былтыр аталған фильм Токиодағы халықаралық кинофестиваль шеңберінде көрсетіліп, Жапонияда прокатқа шыққан болатын.

Ал Қазақстанда "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі елімізде сантиарлық-эпидемиялық ахуал жақсарған жағдайда үстіміздегі жылдың соңына дейін прокатқа шығады деп жоспарланып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: