Жаңалықтар тізбегі
0

Анталияда жүрген қазақстандық медицина мамандары өрттен зардап шеккендерге көмектесті

facebook.com/Ержан Құспаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 20:53 facebook.com/Ержан Құспаев
Анталияға Халықаралық жазғы мектеп аясында барған Астана медициналық университетінің барша студенттері мен оқытушылары гуманитарлық көмек орталығының жұмысына атсалысты.

Халықаралық жазғы мектеп аясында Түркияның Анталия провинциясында жүрген Астана медициналық университетінің студенттері мен оқытушылары өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Астана медициналық университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Құспаев Facebook парақшасында жазды.

"Түркияның курорттық қалаларында, әсіресе Анталияның маңында орман өрті өршіп тұр, адам шығыны бар. Бұл күндері біз Анталияда болдық. Анталияға Халықаралық жазғы мектеп аясында барған Астана медициналық университетінің барша студенттері мен оқытушылары гуманитарлық көмек орталығының жұмысына атсалысты. Олар қолдан келгенше көмек көрсетіп, өрттен зардап шеккен тұрғындарға елдің түкпір-түкіпірінен ағылып жатқан азық-түлік пен сусындарды көліктерден түсірісті. Гуманитарлық көмек тиеген КамАЗ-дар бір сағаттың ішінде босап, қайта жолға шығып жатты. Біз қайырымдылық іске қатысып, зардап шеккендерге қандай да бір көмек көрсете алғанымызға қуаныштымыз", - деп жазды университет өкілі.


Айта кетсек, 28 шілдеде Түркияда тұтанған орман өртінен 4 адам көз жұмған. Жалпы тілсіз жаудан зардап шеккен 122 адамның 58-і ауруханаға жеткізілген. Бүгінгі таңда қызыл жалын жеті провинцияда төбе көрсетіп, курорттық қалаларға жетіп алды. Отты сөндіруге Ресей мен Грекия билігі көмектесуде.


, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 20:53

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 20:53

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 20:53

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 20:53

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: