Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтандағы карантин шектеулері туралы жаңа қаулы жарияланды

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2021 17:56 altaynews.kz
Құжатқа сәйкес, "Ashyq"жобасына қатысуына қарамастан ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Ж.Пірәлиева елордадағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын және "қоңыр-қызыл" аймаққа өтуін ескере отырып, карантин шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына келесі талаптарды қатаң сақтау жалғастырылсын:

1.1. Объектілердің "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан, бұқаралық іс-шараларды, марафондарды, спорттық, отбасылық, естелік іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға тыйым салу, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салу;

1.2. қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттар, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойынына, балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандардан басқа мұз алаңдары және роликті сырғанақтарға (букмекерлік кеңселер мен банкет залдарынан басқа, "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) бармау;

1.3. "Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау;

1.5. міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін:

"Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс күндері күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, оның ішінде мешіттер, православие шіркеулері және басқа діни объектілер аумағында ашық ауада бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салумен, сондай-ақ олардың аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына, еске алуды өткізусіз, сенбі және жексенбі күндері осы тармақта көрсетілген барлық объектілердің жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру; 4.10. сот отырыстарын оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда № 68 ҚР БМСДҚ-ның қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып өткізуді қоспағанда, кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге тыйым салу;

"Ashyq" жобасына қатысатын ХҚКО-ның жұмысын қатаң түрде Egov.kz, телеграмм-бот "EgovKZBot 2.0" арқылы алдын ала брондау бойынша, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

"Қазпошта" АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

Онлайн режимінде көрсетілмейтін қызмет бөлігіндегі ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

Денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;

Жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

Серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы немесе COVID-19 вакцинациясының толық курсын алғанын растайтын құжат болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат беру;

Талапкерлердің жоғары оқу орындары мен колледждерге түсуі үшін құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру қашықтық режимінде қамтамасыз етілсін;

Білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салу;

"Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын, меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Тәрбиелеу объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезде объектіні карантинге жабу осы Қаулының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі;

"Ashyq" жобасына қатысушы балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, білім беру орталықтарының жұмысын (15 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

"Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын, балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын алдын ала жазылу бойынша, 15 адамнан артық емес, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, уақыты мен саны бойынша шектеумен, қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) қызметін ұйымдастыру, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады;

Бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және басқа жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған азық-түлік емес тауарларды сататын сауда бутиктерін (бөлімдерін) қоспағанда, жұмыс кестесін жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

"Ashyq" жобасына қатысушы туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) жұмысын 80%-дан артық емес толтыру кезінде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру және штаттық жұмыс режимін белгілеу;

"Ashyq" жобасына қатысушы сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылықты сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, осы нысандардағы COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттердің орналасуына қарамастан жұмыс күндері сағат 07.00-нан 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру (оларда орналасқан азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді, осы Қаулымен орналасқан жеріне қарамастан қызметі рұқсат етілген объектілерді қоспағанда). Бұл ретте, "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. "Ashyq" жобасына қатысатын объектілер үшін фудкорттардың жұмысына 50 % -ға дейін толтырумен, бірақ 50 орыннан аспайтын, жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен және тағамды шығару мен жеткізу жұмыстары жұмыс және демалыс күндері 07.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн-форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады;

"Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын, аниматроникстер театрларының жұмысын қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде, әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден артық емес, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:00-нан 18:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

"Аshyq" жобасына қатысу шартымен океанариумдардың жұмысын, топтық экскурсияларға тыйым сала отырып, бір келушіге кемінде 4 м2 есебінен, күшейтілген санитариялық - эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:00-нан 20:00-ға дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

"Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын кітапханалардың, мұражайлардың жұмыстарына күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, топтық экскурсияларды ұйымдастыруға тыйым салу және штаттық жұмыс режимін белгілеу;

"Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін көрмелердің жұмысына 1 келушіге кемінде 6 м2 есебінен 70%-дан артық емес, бірақ бір уақытта 150 адамнан аспайтын толтыру кезінде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық жұмыс режимін белгілеу;

Мейрамхана, дәмхана, кофеханалар, асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын, орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тек қана тағамды шығару мен жеткізу (штаттық режимде) және "Ashyq" жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленетін, үй-жай ішінде 50%-ға дейін толтырумен, бірақ 50-ден аспайтын отыратын орын санымен және ашық ауада (жазғы залда) 50-ден аспайтын отыратын орын санымен,көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру (тамақты жеткізу және шығару штаттық режимде);

"Ashyq"жобасына қатысуына қарамастан ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады;

"Ashyq" жобасына қатысатын жабық және ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын, бір келушіге кемінде 4 м2 есебінен толтырылуымен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, азық-түлік базарлары үшін жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін, азық-түлік емес базарлар үшін COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттерінің жұмысын қоспағанда, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері қызметіне тыйым сала отырып,ұйымдастыру;

Ашық ауада азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын, "демалыс күні" жәрмеңкесін қоса алғанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, демалыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

Азық-түлік тауарларын өткізу бойынша дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмысын, орналасқан жеріне қарамастан, бір сатып алушыға 4 м2 есебінен толтырылуын сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

"Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын,азық-түлік емес тауарларды өткізу бойынша объектілердің жұмысын бір сатып алушыға жобалық қуаттың 4 м2 есебінен 30% -дан артық емес толымдылығын сақтаған жағдайда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен (онлайн сатуды қоспағанда) ұйымдастыру;

Тамақ өнімдерімен көше саудасының санкцияланған түрлерінің, оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофелерді, көкөніс шатырларын, стрит-фудтарды және т.б. сататын объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

Гүлдерді сату бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

"Ashyq" жобасына қатысатын объектілер жабық спорттық объектілердің жұмысын (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан, тек 30-дан аспайтын адамның қатысуымен, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдарға жаттығулар өткізу үшін, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру...

Қаулы 2021 жылы 2 тамызда 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінін мына арадан табуға болады

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: