Жаңалықтар тізбегі
0

Бұйырғаны қола екен – Сәкен Бибосынов халықтан кешірім сұрады

olympic.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2021 20:49 olympic.kz
Журналистер алдына шыққан Сәкен көпке дейін өз-өзіне келе алмай, көз жасына ерік берді.

Бокстан 52 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Сәкен Бибосынов жартылай финалдық жекпе-жектен соң сұхбат берді, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистер алдына шыққан Сәкен көпке дейін өз-өзіне келе алмай, көз жасына ерік берді. Тек бапкері Мырзағали Айтжанов пен БАҚ өкілдерінің қолдауынан соң Бибосынов бүгінгі жекпе-жек жайлы пікірімен бөлісті.

Токио Олимпиадасына алтын аламын деп келгем. Бірақ қола жүлде бұйырып тұр екен. Жанкүйерлерді, қазақ халқын алтынмен қуантып, Токио төрінде әнұранымызды ойнатуды басты мақсат еттім. Өкінішке қарай, ол арманыма жете алмадым. Бар күш-жігерімді салдым. Соңына дейін жұдырықтастым. Бірақ сәттілік жетпеді. Барша жанкүйерден, барша халықтан жеңілгенім үшін кешірім сұраймын. Бірінші раундты қарсыласқа беріп қойдым, қалған екі раундта аянып қалмадым. Бапкерлерім бірінші кезеңнен соң 5:0 ұтылып жатқанымды айтқан соң одан сайын алға бастым. Енді қола жүлдені қанағат тұтамыз. Бұл менің бірінші Олимпиадам. Тіпті, Токиоға бара алмай қалуым да мүмкін еді. Жолдаманы ең соңғы сәтте жеңіп алғанымды білесіздер. Сондықтан, бәріне қанағат. Бапкерімді, халқымды қуантқым келген. Бұйырғаны қола екен. Жүлдемді барша қазақстандықтарға арнаймын. Осы Олимпиадаға келген соң туған ағам қызды болды. Жеңгем босанды. Айлин деген кішкентай қарындасыма да осы медалімді арнаймын, - дейді Бибосынов.

Айта кетелік, жартылай финалда Сәкен Бибосынов 2:3 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаиге есе жіберді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: