АҚШ ауған босқындарына көмек ретінде 500 млн доллар бөледі

pixabay.com pixabay.com
Құжатта қаражат Ауғанстандағы жағдайға байланысты тәуекелге ұшыраған "босқындардың, жанжал құрбандарының және басқалардың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс" делінген.

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстан босқындарына көмек үшін 500 миллион долларға дейін қаражат бөлуді бұйырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Ақ үй сайтында жарияланған меморандумда айтылған.

Құжатта қаражат Ауғанстандағы жағдайға байланысты тәуекелге ұшыраған "босқындардың, жанжал құрбандарының және басқалардың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс" делінген.

Шығындарды босқындар мен қоныс аударушыларға жедел көмек көрсету мемлекеттік қоры төлейді. Сонымен қатар, АҚШ-тың арнайы иммиграциялық визасын алуға үміткер азаматтарға көмек көрсету жоспарлануда, деп хабарлайды REN.tv.

Бұған дейін Байден АҚШ әскерлеріне көмектескен Ауғанстан азаматтарын эвакуациялау үшін 100 миллион долларға дейін қаражат бөлуді бұйырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз