Қырғыз президенті даулы заңға қол қойды

Malika Kanatbek kyzy Malika Kanatbek kyzy
Бұл туралы президенттің ресми сайтында жазылған.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Анық емес (жалған) мәліметтен қорғау жөніндегі" заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратта Конституцияға сәйкес, әрбір азамат өз намысын қорғауға құқылы екені, қол қойылған заңда оның қалай атқарылатыны жазылған.

Заңда анық емес мәліметтен зиян шеккен тарап пен мәліметті жариялаған ресурстардың заң алдындағы құқықтары мен жауапкершілігі айтылған, - делінген.

Аталған заң жобасын Жогорку Кеңеш 28 маусымда қабылдаған. Оған сәйкес, үкімет "жалған ақпарат" таратқан немесе жеке ұйым мен адамның арызы негізінде сайттарды сот шешімінсіз жаба алады.

Құқық қорғаушылар бұл заң сөз бостандығы мен адам еркіндігін шектейді деп, президентті қол қоймауға шақырған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз