Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде 800 бала төрт шақырым жердегі мектепке баруға мәжбүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2021 22:19 видеодан кадр
"Не айтам мен? Жаңа мектеп керек маған!"

Қыркүйек – қыр астында. Оқушылардың қоңыраулата мектепке барар кезі де күн санап жақындап келеді. Алайда, Семейдегі Водный ауданындағы оқушылар оған қуана қоймас. Өйткені күнде 4 шақырым жерге барып-келгісі келмейді. Мұнда ауыл түгіл, ауданда мектеп жоқ екен. 800 оқушы сонау көрші ауданға барып, үшінші ауысым болып жармасып оқуда, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Семейдің шетіндегі "Водный" шағын ауданында 1000-ға жуық оқушы бір мектепке зар болып жүр. Қатарластарынан қалып қоймас үшін олар табандарынан тозып, 4 шақырым жердегі білім ордасына барып білім алуға мәжбүр. "Восход" мөлтек ауданындағы ол мектептің де жағдайы мәз емес. Үш ауысымдық. "Білім алу былай тұрсын, баланың көптігінен киім ілгіштен күртешені алу қиямет-қайым",-деп күйінеді ата-аналар.

Гүлнәр Малшыбаева, "Водный" шағын ауданының тұрғыны:

34-мектепте, 3-ші смен оқиды балалар. Раздевалкаға кіріп, киімін үлкен кісі келіп алмаса, баланы таптап кетеді, ана жерде, пересменка болған кезде.

Зухра Измаилова, "Водный" шағын ауданының тұрғыны:

Біздің балаларымыз бала емес пе? Не такие дети? Мы тоже такие налоги платим. Қаладағы балалардың әке-шешелері сияқты бізде сондай налоги платим.

Тұрғындардың қолында мектепке арналған жердің сызбасы да бар. Бір жапырақ қағазға телмірген жұрт, мектеп салынбаса, қоршаусыз тұрған жер біреуге сатылып кете ме деп уайымдайды. Ал әкімдіктегілер мектеп тұрғызбас бұрын, алдымен аудандағы ауыз су мәселесін шешу керек деп қысқа қайырды.

Дархан Жөргекбаев, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

Мектеп салынбай жатқан мәселесі, сапалы су жеткізілмей, мектеп сала алмай отырмыз. Бұл жердегі сулардың бәрі, техникалық пайдалануға ғана жарамды.

Ал тұрғындар екі жылдан кейін тартылатын ауыз су құбырын күтпей, мектептің құрылысы бастала берсе дейді.

Гүлнәр Малшыбаева, "Водный" шағын ауданының тұрғыны:

Мына водокачка тұр. Осы суды халықтың бәрі ішеді. У каждый нету возможности қаладан барып әкелуге, даже екі метр қазып алып, қып-қызыл суды да ішіп жатыр елдер. Сонымен баняға да түсіп жатыр. А ол оказывается, даже мектеп стройкасына да жарамайды екен. Ал халық ішіп жатыр.

Жауапты шенеуніктер құрылыс жұмыстары әне-міне басталып қалатынын айтады. Тіпті, жобаны бекіту үшін арнайы мамандар шұғыл түрде облыс орталығына баратынын жеткізді.

Дмитрий Гариков, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

Мектеп құрылысы туралы шешімдер қабылданды. Арнайы жер учаскесі бекітіліп, 600 орынға жоспарланып отыр. Жоба мақұлданса, құрылыс басталады. Алдағы дүйсенбі жобаны бекіту жұмыстарымен арнайы топ облыс орталығына барады.

Алайда былтыр әкімдіктегілер 2020 жылғы қарашаға дейін магистральдік су құбыры тартылып, жобалық-сметалық құжаттары дайын болады деп уәде берген. Бірақ сөз жүзінде қалған уәде сол күйі орындалмады. Биыл экспертизаға беріледі деген көше ішіндегі су құбырларының жобасы да әлі дайын емес. Ал бұл мәселенің мән жайын толық ұқпаса да тартыстың арасында жүрген балалар жаңа мектептің табалдырығын аттасақ деп армандайды.

Бұл инфрақұрылым саласынан әбден күйреп тұрған Семей қаласының бір көрініс ғана. Ал келіп-кеткен үш әкімнен де қайран көрмеген "Водный" тұрғындарының соңғы үміті - Даниал Ахметов. Жиналған қауым облыс басшысына үндеу тастап, жанайқайымызға құлақ түрер деп тарқасты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: