Маңғыстауда су тазарту қондырғысына бөлінген қаражатты жымқыру бойынша іс қозғалды

zakon.kz zakon.kz
Атқарылмаған жұмыстардың сомасы 203,6 миллион теңгені құрайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қозғады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 2017 жылы "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" ММ және мердігер ұйым арасында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылында 477,6 миллион теңге сомасына су тазартқыш қондырғысы мен ауыларалық су құбыры құрылысына мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды.

Сот-құрылыс сараптамасының қорытындысына сәйкес атқарылмаған жұмыстардың сомасы 203,6 миллион теңгені құрайды.

Мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің және құрылыс саласындағы мердігерлік ұйымдардың басшылары тұлғасындағы күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаға алынды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз