Мәдениетсіздік деген вирус коронавирустан да қауіпті болып тұр

видеодан алынды видеодан алынды
Көптің көңілінен шыққан Шукшинаның бұл сөзі бүгіндері желіде жаппай бөлісіліп жатыр. Соның ішінде Facebook-те де.

31 тамызда РФ премьер-министрі Михаил Мишустин бірқатар ресейлік мәдениет және өнер қызметкерлеріне мемлекеттік және үкіметтік наградаларды табыс етті. Олардың қатарында болған актриса Мария Шукшина марапат салтанатында тебіреніп сөз сөйлеп, халықтың ішінде қыж-қыж қайнаған базынасын жайып салды.

Көптің көңілінен шыққан Шукшинаның бұл сөзі бүгіндері желіде жаппай бөлісіліп жатыр. Соның ішінде Facebook-те де.

Қазір мәдениетсіздік деген вирус коронавирустан да қауіпті болып тұр. Одан ешкім өлмейді, бірақ бүтін бір буынды "ауру" жасайды. Рухани-өнеге деген мықты іргетас. Онсыз бір де бір мемлекет басын көтеріп жүре алмайды. Тіпті, алып империя да, керемет өркениет те. Тарихта оған дәлел - сан мың. Ұяттың, тәрбиенің, иманның, адамдықтың, моральдың болмауы түзеуге келмейтін қателіктерге жол береді. Бүтін бір ұлтты дүбаралыққа душар етеді. Сөз саптау мәдениеті, сөйлесу әдебі көз алдымызда жер-асты болып жатыр. Адамдар бір-біріне хайуан секілді шабатын болған. Осыдан-ақ, сырттан бадырайып көрініп тұрғандай, адамдарға әлеуметтік сынақ жүргізіліп жатқанын айтқызбай-ақ ұғуға болады. Адамдар бір-бірін жек көретін дәрежеге жеткен. Басында бетперде үшін, қазір вакцина үшін. Енді кезек QR кодқа да келетін секілді. Осының барлығын доғаруымыз керек. Жеме-жемге келгенде, адамдар бір-бірін қырып тастайтын секілді. Ал жаудың бетін ешкім көрмей, білмей кетеді. Мұндай соғыстың түрін Қытайда былай суреттейді: тау басында ақылды маймыл жазық далада екі жолбарысты қырқыстырып қойып, биіктен тамашалағандай. Көрдіңіздер ме, бүгінгі соғыста ешкім қолына қару алып, жауға қарсы ашық шаппайды. Олардың барлығы қазір БАҚ-та, білім мен мәдениет саласында, денсаулық саласына еніп алған. Ең бастысы, мұның барлығы мақсатты түрде жасалып жатқан рухани диверсия екенін ешкім түсінгісі келмейді. Яғни, адамды адамдықтан кетіру, бір-бірін алауыз ету. Әрине, ел арасында рухани құныдылықтарға деген сұраныс жоғары, азып-тозудан шаршады қазір жұрт, маған сеніңіздер. Мен бұл арада азаматтық қоғамның басым бөлігі туралы айтып отырмын. Мұны көрмеу, айтпау – адамзат алдындағы үлкен қылмыс. Осындай ұрымтал сәтті пайдаланып, жасаған мәлімдемем үшін, Михайл Владмирович, сізден кешірім сұраймын. Бұл - қазіргі адамдардың жан айқайы. Мен тек оны жеткізушімін. Отаныма қызмет етемін!, - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз