Панжшер провинциясы тәліптердің толықтай бақылауына өтті

twitter / EmartIslamiUrdu twitter / EmartIslamiUrdu
Мужахид көтерілісшілердің кейбірі ұрыста жеңіліске ұшырап, ал басқалары қашып кеткенін атап өтті. Сонымен бірге Талибан өкілі Панжшер тұрғындарына қысым көрсетілмейтінін айтты.

"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) өкілі Забиулла Муджахид Панжшер провинциясын толығымен басып алғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің Twitter -дегі парақшасында жазды.

Тәліптердің Ауғанстандағы қауіпсіздікті сақтауға бағытталған соңғы әрекеті өз нәтижесін берді. "Жалдамалы-дұшпандардың соңғы қорғаны" болған аймаққа толық бақылау орнатылды, - деп хабарлады Лента.ру.

Мужахид көтерілісшілердің кейбірі ұрыста жеңіліске ұшырап, ал басқалары қашып кеткенін атап өтті. Сонымен бірге Талибан өкілі Панжшер тұрғындарына қысым көрсетілмейтінін айтты.

Бұған дейін тәліптер Ауғанстандағы қарсылық майданының жетекшісі Ахмад Масудтың атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамаған болатын. Талибанның саяси кеңсесі өкілінің айтуынша, ол өзі келісімге келуден бас тартқан, сондықтан тәліптер Масудпен келіссөз жүргізуді доғарған.

4 қыркүйекте тәліптер Панжшерді өз бақылауына алды. Талибанның шабуылы Масудпен келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін, 2-3 қыркүйекте басталды. Сонымен қатар, Ұлттық қарсыласу күштері жауынгерлік отрядтардың провинция аумағына кіргенін, кейін шегініп, ауыр шығынға ұшырағаны хабарланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз