Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Ресейге әуе рейстерін арттырады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 17:26 zakon.kz
22 қыркүйектен бастап "Qazaq Air" компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе–Қазан бағытында ұша бастайды.

2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстер санын ұлғайту мәселесі шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нәтижесінде 2021 жылдың 22 қыркүйегінен бастап "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе–Қазан бағытында ұшуды бастайтын болды.

Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссия шешімдеріне және Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: