Рим папасы тұтқындарға 15 мың балмұздақ жолдады

pxhere.com pxhere.com
Римде қазір апта ыстық, сынап бағаны рекордтық деңгейге жетіп, 49 градус Цельсийді құрады.

Рим Папасы Франциск Италия астанасындағы екі түрме тұтқындарына 15 мың тал балмұздақ жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол Италиядағы аптап ыстық ауа-райына байланысты тұтқындарға балмұздақ жолдауды жөн деп тапқан. Римде сынап бағаны рекордтық деңгейге жетіп, 49 градус Цельсийді құрады, деп хабарлайды РИА Новости Ватиканның Папа қызметіне сілтеме жасап.

Балмұздақты Франциск атынан поляк кардиналы Конрад Крайевский жеткізген.

Осы жазда Еуропада ауа-райы ерекше ыстық болды. Ең жоғары температура тамызда Сицилияның Сиракуза қаласында тіркеліпті (+ 48,8 ° С). Италияның басқа қалаларында климаттың ыстық болғаны сонша, жел мен орман өрті өршіп тұрды.

Папа Франциск кеңсесінде жұмыс істейтін қызметкерлер осы жазда демалысқа шығудан бас тартқан. Оның орнына еріктілер "өздерін жеті қайырымдылықтың екеуіне бас қойған: тұтқындарға бару және мұқтаждарды жұбату", - делінген Ватикан хабарламасында.

Бұған дейін дін қызметкерлері тұтқындарды Ватикан мұражайларына экскурсияға шақырып, үйсіздерге көмектескен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз